Ердоғаннан халықаралық қоғамға вакцина шақыруы

«Өз азаматтарына вакцина егетін дозасы бар елдер артық вакциналарын мұқтаж елдерге жеткізу керек»

1611230
Ердоғаннан халықаралық қоғамға вакцина шақыруы

Президент Режеп Тайып Ердоған әлем басшыларына жолдаған бейне үндеуінде «өз азаматтарына вакцина егетін дозасы бар елдер артық вакциналарын мұқтаж елдерге жеткізу керек» екенін білдірді.

Ердоған БҰҰ тарапынан мемлекет және үкімет басшыларының қатысуымен ұйымдастырылған «Ковид-19 кезеңінің артынан өркендеудің жоспары» тақырыпты онлайн іс-шараға бейне үндеу жолдады.

Ердоған хабарламасында Түркия ретінде жаңа типтегі коронавируспен (ковид-19) күресте басталған күннен бері жаһандық ынтымақтастық пен халықаралық қарым-қатынастарды күшейтуге тырысқандарын, бұл түсінікпен 157 ел мен 12 халықаралық мекемеге медициналық жәрдем жіберілгенін атап көрсетті.

Ердоған «Әлемдегі ең бай елдердің өзі дайындықсыз ұсталған ғаламдық эпидемия әсіресе дамымаған елдерде елеулі қиратуларға жол ашты. Эпидемиямен айқындала бастаған әділетсіздік вакцинация мәселесінде едәуір күшейе түсті» деді.

Бүкіл әлемде әлі де 100-ге таяу елдің вакцинаға қол жеткізе алмағанын еске салған Ердоған «Бір жақта бүкіл халқына вакцина еккен елдер бар, екінші жақта болса миллиардтаған адам вакцинаның алғашқы дозасын да ала алмаған. Адамзат пен құндылықтарымыз тұрғысынан алаңдаушылық туғызатын жағдай. Алайда вакцинаға әділ қол жетімділікті қамтамасыз етпейінше, эпидемия аяқталмайтыны және экономиканың қалпына түспейтіні анық. Өз азаматтарына вакцина егетін дозасы бар елдер артық вакциналарын мұқтаж елдерге жеткізу керек» деді.

Ердоған отандық вакцина жұмыстары аяқталғаннан кейін вакциналарды барлық адамзатқа ең қолайлы жағдайда ұсынуды жоспарлап отырғандарын да тілге тиек етті.



Ұқсас жаңалықтар