Соңғы тәулікте коронадан 154 кісі қайтыс болды

Ердоған: "Жұғымдалу, науқас және қайтыс болғандар санының артуы себепті қазіргі сақтық шараларын қайта ойластыру қажет болды" деді.

1610818
Соңғы тәулікте коронадан 154 кісі қайтыс болды

Түркияда коронавируспен күрес сақтық шараларымен жалғасып жатыр.

Соңғы бір тәулікте коронавирус індетінен 154 кісі қайтыс болды.

Коронавирус індеті басталған күннен бері қайтыс болғандардың саны 31 мың 230 адамға көбейді. 

Бір күнде 225 мың 511 сынама жүргізіліп, мың 325 жаңа науқас тіркелді.

Бір тәулікте 32 мың 404 кісіге вирус жұққаны анықталды.

Ауруханадан шыққан 18 мың 15 кісіні қосқанда, жазылып кеткендердің саны 2 миллион 975 мың 108 кісіге жетті.

Президент Режеп Тайып Ердоған кабинет жиналысынан кейін жасаған мәлімдемесінде:

"Жұғымдалу, науқас және қайтыс болғандар санының артуы себепті қазіргі сақтық шараларын қайта ойластыру қажет болды" деді.

Президент Ердоған көшеге шығу шектемесінің бүкіл ел көлемінде әр күні кешкі сағат 21.00-05.00 арасында, "Ауыр қауіптегі" 58 қалада аптаның соңында қайтадан жалғасатынын білдірді. 

Президент Ердоған :

"Індетке қарсы сақтық шаралары жөнінде баршаның полициясы өзінің жігері мен ақылы болуға мәжбүр" деді.  
 



Ұқсас жаңалықтар