Түркияда бір тәулікте вирустан 153 кісі қайтыс болды

Бір тәулікте 29 мың 81 кісіге вирус жұққаны анықталды.

1609331
Түркияда бір тәулікте вирустан 153 кісі қайтыс болды

Түркияда коронавируспен күрес сақтық шараларымен жалғасып жатыр.

Соңғы бір тәулікте коронавирус індетінен 153 кісі қайтыс болды.

Коронавирус індеті басталған күннен бері қайтыс болғандардың саны 30 мың 772 адамға көбейді. 

Бір күнде 220 мың 985 сынама жүргізіліп, мың 253 жаңа науқас тіркелді.

Бір тәулікте 29 мың 81 кісіге вирус жұққаны анықталды.

Ауруханадан шыққан 20 мың 208 кісіні қосқанда, жазылып кеткендердің саны 2 миллион 921 мың 37 кісіге жетті.
 



Ұқсас жаңалықтар