Ресей: "АҚШ пен ЕО көптеген елдің ішкі істеріне араласуда"

Анталияда басталған «Терроризммен күрес және аймақтық байланысты нығайту бойынша Парламент төрағаларының 4-ші конференциясы» жалғасуда

1608535
Ресей: "АҚШ пен ЕО көптеген елдің ішкі істеріне араласуда"

РФ Мемлекеттік Думасының Сыртқы істер комиссиясы төрағасы Леонид Слуцкий АҚШ пен Еуроодақтың көптеген елдің ішкі істеріне араласқанын атап көрсетті.

Түркия Ұлы Ұттық Мәжілісі (ТҰҰМ) төрағасы Мұстафа Шентоптың қонақжайлығында Анталияда ұйымдастырылған «Терроризммен күрес және аймақтық байланысты нығайту бойынша Парламент төрағаларының төртінші конференциясы» жалғасуда.

Конференцияға телеконференция арқылы қатысқан РФ Мемлекеттік Думасы Сыртқы істер комиссиясы төрағасы Слуцкий геосаяси қарсыластар ретінде бағалаған АҚШ пен ЕО-тың біржақты заңсыз санкцияларының жалғасқанын білдірді.

Стуцкий «Осы жиында бас қосқан барлық елдер әртүрлі тұрғыдан және әртүрлі сылтаулармен ішкі істеріне араласу әрекетімен бетпе-бет қалды. Бұл әрекеттер әлі де жалғасуда. «Сіз қате қару сатып аласыз, қате адамдарға мұнай сатасыз» сияқты әртүрлі сылтаулар айтылады. Осылайша ішкі істерге араласады» деді.

Ауғанстан Халық Мәжілісі төрағасы Мир Рахман Рахмани болса барлық қатысушыларды террормен ортақ күреске шақырды.

Жиналысқа тағы телеконференция арқылы қатысқан Қытай Халық Республикасы Ұлттық Халық конгресі тұрақты комитетінің төрағасы Ли Чжаньшу болса «Қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастығымыз өте маңызды» деді.

Ауғанстан Сенатының төраға орынбасары Мохаммад Акбар Станикзай «Ауғанстан халқы атынан Түркия алғысымызды білдіреміз, жаңа типтегі коронавирус (ковид-19) эпидемиясы кезеңінде бізге қажетті қолдауды көрсетті» деді.



Ұқсас жаңалықтар