Меркель Түркияның маңызды ел екенін айтты

Меркель: «Біздің Түркиямен қатынастарымыз жақсы» деді.

1608466
Меркель Түркияның маңызды ел екенін айтты

Германия канцлері Ангела Меркель Түркияның тек бір НАТО серігі және одақтасы ғана емес, Еуропа Одағының сыртқы шекарасында тұрғын саны көп екінші ел ретінде стратегиялық маңызы бар екенін айтты. 

Меркель Федералдық мәжілісте сөйлеген сөзінде Еуроодақ Лидерлер саммитінде Еуропа Одағы мен Түркия қатынастары және Жерорта теңізінің шығысындағы жағдайдың қолға алынатынын білдірді. «Еуропа Одағының дамуының және тыныштығының тек ЕО тысындағы көршілерімізбен жақсы қатынастармен мүмкін екенін жетік білеміз.  Бұл әсіресе жан-жақты қатынастары бар НАТО-ға мүше Түркия үшін осындай» деді ол.

Меркель ЕО Сыртқы байланыстар және Қауіпсіздік саясаты жоғары комиссары Боррельдің осы тақырыпта есеп дайындағанын білдірді. Ол: «Барлық нәрседен бұрын соңғы айларда Кипр және грек су айдынындағы болған оқиғалардан кейін Түркияның Жерорта теңізінің шығысындағы келіспеушілікті азайту белгісін беруі және Грекиямен диалогты бастатуы жақсы хабар.  Кипрдің келешегі жөнінде 5+1 жиналысы да БҰҰ басқаруында жалғасады» деді.

Германияда көптеген жылдан бері бірнеше миллион  түрік азаматының өмір сүріп жатқанын меңзеген Меркель: «Біздің Түркиямен қатынастарымыз жақсы» деді. Қатынастарда үнсіздікдің пайдалы еместігін айтқан Меркель: «Сондықтан Түркия мен Еуропа Одағы арасында жоғары деңгейлі диалогтың қайта басталуын қалаймыз.  Ортақ мүдделеріміз бар.  Көшпен келген қиыншылықтар да бар.  Мұны Түркиямен бірге шешуге болады» деді.



Ұқсас жаңалықтар