Соңғы бір тәулікте вирустан 146 кісі қайтыс болды

Фахреттин Кожа: "BioNTech вакцинасынан өткен апта 5 мың 800 доза сынақ үшін елімізге келді. Кеше 750 мың доза вакцинаны тапсырып алдық" деді.

1607897
Соңғы бір тәулікте вирустан 146 кісі қайтыс болды

Түркияда коронавируспен күрес сақтық шараларымен жалғасып жатыр.

Соңғы бір тәулікте коронавирус індетінен 146 кісі қайтыс болды.

Коронавирус індеті басталған күннен бері қайтыс болғандардың саны 30 мың 462 адамға көбейді. 

Бір күнде 221 мың 738 сынама жүргізіліп, мың 142 жаңа науқас тіркелді.

Бір тәулікте 29 мың 762 кісіге вирус жұққаны анықталды.

Ауруханадан шыққан 17 мың 761 кісіні қосқанда, жазылып кеткендердің саны 2 миллион 881 мың 643 кісіге жетті.

Сонымен бірге Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа:

"BioNTech вакцинасынан өткен апта 5 мың 800 доза сынақ үшін елімізге келді. Кеше де мөлшермен 750 мың доза вакцинаны тапсырып алдық" деді.

Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа  қауіпсіздік сынағы жасалған вациналардың алдағы апта кезегі келген азаматтарға егілетінін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар