Ердоған Анкарада партиясының 7-ші құрылтайына қатысты

«21-ші ғасырмен кейінгі кезеңді қамтитын үлкен және қуатты Түркияны құрамыз».

1607607
Ердоған Анкарада партиясының 7-ші құрылтайына қатысты

Президент, Әділет және даму партиясы төрағасы Режеп Тайып Ердоған 21-ші ғасырмен кейінгі кезеңді қамтитын үлкен және қуатты Түркияны құрғандарын атап көрсетті.

Ердоған бас қала Анкарада Әділет және даму партиясының 7-ші кезекті Үлкен құрылтайында айтқан сөзінде Түркияның алдымен (Түркия Республикасының құрылуының 100 жылдығы болған) 2023 жылы нысаналарына, артынан 2053 жылы мақсаттарына (Ұлтшыл қозғалысы партиясымен құрған) халық одағымен бірге қол жеткізетінін атап көрсетті.

Түркия мен түрік ұлтын ішкі дағдарыстармен үнемі айналысуға мәжбүр етіп, соңғы екі ғасырдағы күрт өзгерістен шеттеткендердің әлі де сол ойынды жалғастырғысы келгенін, бірақ бұл жолы табысқа жете алмайтынын баса айтқан Ердоған «Өйткені осы жолы мүлдем басқа бір Түркия бар. 84 миллион тұрғынымен «бір ұлтпыз» деген бір Түркия бар. Бұл жолы тек қана қолдағыларына ие шыққаны үшін қанағаттанбайтын жаңа бір жаһандық саяси және экономикалық тәртіпте өзінің орнын алу табандылығын 2023 жылы нысаналары және 2053 жылы мақсаттары мен 2071 жылы идеалдарын көрсететін бір Түркия бар. Соңғы 8 жылдан бері құрылған тұзақтарды біртіндеп қиратқан бір Түркия бар. Қолында мүмкіндік болса жаңбырлы ауада елімізге бір стақан су бермейтіндер бізді бағытымыздан айныта алмайды. Олар  күн сайын жаңа сценарийлермен бөгет жасаса да, бізді жолымыздан қайтара алмады» деді.

2023 жылғы нысаналарының жаңа бір бастамаға айналып, 21-ші ғасыр мен кейінгісін қамтитын үлкен және қуаты Түркияны салып жатқандарын тілге тиек еткен Ердоған партиясының Түркияны оқудан денсаулыққа, өнеркәсіптен спорт салаларына дейін салған инвестициялармен дамытқанын түсіндірді.

Ердоған бөлшектеуші террор ұйымынан бастап, барлық террор ұйымдарын әбден қиратып, ел көлемінде лаңкестіктер жасай алмайтын күйге келтірілгенін білдірді.

Қатынас саласында 932 миллиард лиралық инвестициямен Түркияның инфрақұрылымын жаңартып жетілдіргендерін білдірген Ердоған жаңа типтегі коронавирус эпидемиясы себепті рецессияға түссе де, Түркияның болашақтың ең үлкен әуе жолы қатынас инфрақұрылымына ие елі ретінде әлемде алғашқы орынды иеленетінін атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар