Францияда PKK террор ұйымына мүше 10 адам тергеуге алынды

«Террор ұйымы құру және қаржыландыру» айыбымен 1 әйел, барлығы 10 адамның тергеуге алынғаны білдірілді.

1607315
Францияда PKK террор ұйымына мүше 10 адам тергеуге алынды

Француз полициясы жасаған операциямен бөлшектеуші террор ұйымы PKK-ға мүше 10 адам тергеуге алынды.

Француз баспасөзінің заң органдарына сүйенген хабарында Париж террормен күрес сот төрешісінің талабымен PKK-ға бағытталған бір операция жасалғаны атап көрсетілді.

Француз полициясының «Террор ұйымы құру және қаржыландыру» айыбымен 1 әйел, барлығы 10 адамның тергеуге алынғаны білдірілді.

Операция барысында үйлерге басқын жасалғаны аталып, Францияның оңтүстік батысында 2020 жылы 21 ақпан күні де террор ұйымы PKK-ны қаржыландыру айыбымен 4 адам туралы тергеу басталғаны білдірілді.

Өткен жылы ашылған тергеумен полицияның соңғы жасаған операциясы арасында байланыс болып болмағаны қазірше белгісіз.

Аталмыш операциямен байланысты ресми түрде мәлімдеме жасалмады.



Ұқсас жаңалықтар