Сыртқы істер министрі Брюссельде Боррельмен бас қосты

«ЕО Жоғары өкілі Боррельмен жағымды күн тәртібін жалғастыру үшін бірге жұмыс істейтін боламыз».

1606431
Сыртқы істер министрі Брюссельде Боррельмен бас қосты

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Түркия мен Еуроодақ (ЕО) арасындағы жағымды күн тәртібін жалғастыру үшін Еуроодақ Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаттары Жоғары өкілі Джосеп Боррельмен жұмыс істейтіндерін мәлімдеді.

Чавушоғлу Бельгияның бас қаласы Брюссельде өткізілген ЕО Сыртқы істер министрлері жиналысының артынан Боррельмен кешкі аста бас қосты.

Кездесуі туралы әлеуметтік медиа арқылы мәлімдеген Чавушоғлу «ЕО Жоғары өкілі Боррельмен жағымды күн тәртібін жалғастыру үшін бірге жұмыс істейтін боламыз» деді.

Түркия мен ЕО арасындағы Кеден одағын жаңарту, виза жеңілдігі, заңсыз көші-қон және террормен күресте одан көп ынтымақтастық қажет екенін білдірген Чавушоғлу Сирия, Ауғанстан және Ливияға қоса аймақтық тақырыптарды да қолға алғандарын атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар