PKK-лық 1 террорист қауіпсіздік күштеріне берілді
Ішкі істер министрлігі тақырыппен байланысты мәлімдеме жасады.
1606857
Ирак және Сирияда сепаратистік террористік ұйымы PKK атына іс-әрекет жасаған тағы бір террорист көндіру жұмыстары нәтижесінде қауіпсіздік күштеріне берілді.
Ішкі істер министрлігінің ұйымдастыруымен Жандармерия қолбасшылығы мен Полиция Бас дирекциясы тарапынан жүргізілген көндіру жұмыстары тағы нәтиже берді.
Көндіру жұмыстарының нәтижесінде бір террорист ел шекарасына келіп, қауіпсіздік күштеріне берілді. 2015 жылы террор ұйымына қосылғаны анықталған террористің Ирак пен Сирияда жұмыс істегені білдірілді.
Осылайша 2021 жылы көндіру жұмыстары нәтижесінде берілген террорист саны 36-ға жетті.