ТҰҰМ төрағасы Маариф қорының жиналысына қатысты

ТҰҰМ төрағасы Мұстафа Шентоп Маариф қорының 10-шы Ел өкілдері кеңес жиналысына бейнеконференция арқылы қатысты.

1605871
ТҰҰМ төрағасы Маариф қорының жиналысына қатысты

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі (ТҰҰМ) төрағасы Мұстафа Шентоп Түркияның қайтадан әлемдік күшке айналып, өркениет құрушысы болуының жалғыз жолының сапалы оқу мен білім экспорттаудан өтетіндігін айтты.

Шентоп Түркия Маариф қорының 10-шы Ел өкілеттіктері кеңестік жиналысына бейнеконференция арқылы қатысты.

Мұстафа Шентоп осындағы баяндамасында «Адамдарға құйған инвестиция барлық елдердің мүддесіне болатындай жемісін береді. Маариф қорының түрік мектептері міне осы жоғары мақсатқа қызмет етеді» деді.

Шентоп «Түркия қайтадан ірі әлемдік күшке айналып, өркениет құрушысы болуының жалғыз жолы сапалы оқу мен білім экспортынан өтеді. Жаңа ұрпақтарға тамыры терең жаңғыру қызметінің ғылым мен даналықпен қоршалған өзгеріспен мүмкін екенін есте сақтауымыз керек» деді.



Ұқсас жаңалықтар