Ердоған Ливия басшыларымен телефонда сөйлесті

Президент Ердоған Мұхаммед әль-Менфи және Абдулхамид әл-Дибейбемен телефон арқылы бөлек сөйлесті.

1605232
Ердоған Ливия басшыларымен телефонда сөйлесті

Президент Режеп Тайып Ердоған Ливия президенттік кеңес төрағасы Мұхаммед әль-Менфи және Ливия премьер-министрі Абдулхамид әл-Дибейбемен телефон арқылы бөлек сөйлесті.

Президенттік Коммуникация басқармасынан жасалған мәлімдемеге қарағанда әңгіме барысында Түркия-Ливия қарым-қатынастары мен аймақтық жаңалықтар қолға алынды.

Президент Ердоған Ливия ұлттық бірлік үкіметін өкілдер палатасынан сенім дауысын алғаны үшін құттықтады және Ливияда тұрақты шешімге деген үміттердің қайта гүлденгенін мәлімдеді.

«Әрдайым дос және бауырлас Ливияның егемендігін, тәуелсіздігін, шекара тұтастығын және бірліктің қауіпсіздігін негізге алатын Түркияның Ливияға қажетті барлық қолдауды беруді жалғастыратынын» атап көрсеткен Ердоған алдағы уақытта екі ел арасындағы мықты ынтымақтастықты одан әрі нығайтып, ортақ жетістіктерді қорғау керектігін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар