"Мысыр халқы бізге теріс қарамайды"

Ердоған: "Жерорта теңізінің шығысында Түркия шешім жасайтын өреде. Процесті қалыпты өткізуді үміт етеміз" деді.

1602570
"Мысыр халқы бізге теріс қарамайды"

Президент Режеп Тайып Ердоған Мысырмен дипломатиялық кездесулердің бастауына байланысты:

"Мысыр халқы бізге теріс қарамайды" деді.

Президент Режеп Тайып Ердоған мен Босния Герцеговина Президенттік Кеңесінің төрағасы Милорад Додик Президенттік сарайдағы оңаша және делегациялар арасындағы кездесулерінен кейін ортақ баспасөз мәслихатын ұйымдастырды.

Жиналыста бір тілші: "Түркия мен Мысыр арасында дипломатиялық байланыстар басталған кезеңде Жерорта теңізінің шығысында қандай өзгерістер болуда?" деп сұрады.

Жерорта теңізінің шығысында Түркияның шешімділігі жалғасқанын атап айтқан Ердоған:

"Жерорта теңізінің шығысында Түркия шешім жасайтын өреде. Процесті қалыпты өткізуді үміт етеміз" деп көрсетті. 

Президент Режеп Тайып Ердоған:

"Мысырмен байланысты тақырыптарда әрине Мысыр халқы бізге теріс қарамайды деп ойлаймын. Мысыр халқы бізге қарсы болмайды" деді. 



Ұқсас жаңалықтар