Түркия мен Грекия кездесулері басталады

Түркия мен Грекия арасындағы осы кездесулер арқылы Эгей мен Жерорта теңізіндегі мәселелердің шешілуі нысанаға алынуда.

1598881
Түркия мен Грекия кездесулері басталады

Түркия мен Грекия арасындағы кездесулер 16-17 наурызда Афиныда өткізіледі.

Түрік лауазымдылардың мәлімдеуіне қарағанда екі ел делегациялары Грекия астанасы Афины қаласында бас қосады.

Кездесулердің алғашқы туры Стамбұлда 25 қаңтарда ұйымдастырылған болатын.

Түркия мен Грекия арасындағы осы кездесулер арқылы Эгей мен Жерорта теңізіндегі мәселелердің шешілуі нысанаға алынуда.

Екі ел Эгей мәселелерінде екі тарап та қабылдайтын "Әділ, түбегейлі және көлемді" шешім табуға негіз қалау мақсатымен кездесуді 2002 жылы 12 наурызда астана Анкарада бастады.

Сыртқы істер министрліктерінің басшылары арасында өткізілген кездесулер 2016 жылға дейін жалғасқан еді. 

Саяси конъюнктура және Грекия тарапының нашар тұғыры себепті кездесулер үзіліп қалған болатын. 



Ұқсас жаңалықтар