Түрік ғалымдарға құрметті докторлық атағы

Билкент Университеті Проф. Угур Шахин және Др. Өзлем Түрежиге құрметті доктор атағын береді.

1598755
Түрік ғалымдарға құрметті докторлық атағы

Бас қала Анкарадағы Билкент Университеті коронавирус вакцинасын жетілдірген немістің BioNTech компаниясының құрушылары Проф. Угур Шахин және Др. Өзлем Түрежиге құрметті доктор атағын береді.

Билкент Университеті ректоры Проф. Др. Абдуллах Аталар осы тақырыпта мәлімдеме жасады.  Ол бір жылдан қысқа уақытта коронавирус вакцинасының жетілдірілуінде маңызды рол ойнаған Проф. Др. Угур Шахин мен Др. Өзлем Түрежинің эпидемиямен күресте үлесінің мол екенін атап көрсетті. Ректор Билкент Университеті Өкілетті кеңесінің университет сенатының екі ғалымға құрметті доктор атағын беру ұсынысын мақұлдағанын білдірді.

Ректор екі ғалым да қатысатын марапат рәсімінің жақында жоспарланып отырғанын атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар