Түркияның отандық вакцинасында маңызды саты

Екінші саты жұмысы табыспен аяқталса,  үшінші саты басталады.

1598639
Түркияның отандық вакцинасында маңызды саты

Түркияның отандық вакцинасында жұмыс маңызды сатыға келді.

Кайсери Ержиес Университетіндегі отандық коронавирус вакцинасы зерттеу жұмыстары барысында екінші сатыда бірінші рет бір еріктіге екінші доза салынды. Екінші саты жұмысы табыспен аяқталса,  үшінші саты басталады. Үшінші саты мыңдаған ерікті азаматпен жүргізілетін болады.

37 жасар Сонер Акер - отандық вакцина үшін ерікті болған жүздеген кісінің бірі. Ол екінші сатының екінші дозасын қабылдады. «Өте жақсы сезінемін, бақыттымын.  Мақтан тұтамын.  Елімізде вируске қарсы күрес жүріп жатыр. Осы күрестің ішінде азамат ретінде мен де өз орнымды алайын деп шештім» деді ол.

Университет ректоры Мұстафа Чалыш сәуір айында екінші сатының екінші доза жұмыстарының аяқталатынын,  артынан үшінші саты басталатынын айтты.



Ұқсас жаңалықтар