Түркияда вакцина салдырғандар саны он миллионнан асты

Бұларды ірі үш қалаға бөлсек, Стамбулда бір миллион 589 мың 160, Анкарада 823 мың 160, Измирде болса 669 мың 449 болды.

1597081
Түркияда вакцина салдырғандар саны он миллионнан асты

Түркияда коронавируспен күрес шеңберінде бірінші және екінші доза салдырғандардың саны он миллионнан асты.

Денсаулық сақтау министрлігінің covid19asi.saglik.gov.tr адресіндегі вакциналау деректеріне қарағанда, бірінші доза салынғандар саны 7 миллион 570 мың 595 болды.  Екінші дозаны салдырған 2 миллион 442 мың 353 адамды қосқанда, вакцина салынған адам саны он миллион 12 мың 948-ге жетті.

Бұларды ірі үш қалаға бөлсек, Стамбулда бір миллион 589 мың 160, Анкарада 823 мың 160, Измирде болса 669 мың 449 болды.



Ұқсас жаңалықтар