Түркияда 24 сағатта вирустан 64 кісі қайтыс болды

Бір тәулікте 11 мың 770 кісіге вирус жұққаны анықталды.

1596378
Түркияда 24 сағатта вирустан 64 кісі қайтыс болды

Түркияның коронавируспен күресі жалғасуда. Соңғы бір тәулікте 64 адам эпидемия салдарынан қайтыс болды.

Коронавирус індеті басталған күннен бері қайтыс болған адамдардың жалпы саны 28 мың 965 кісіге көбейді. 

Бір күнде 138 мың 592 сынама жүргізіліп, 702 жаңа науқас тіркелді. Бір тәулікте 11 мың 770 кісіге вирус жұққаны анықталды.

Ауруханадан шыққан 7 мың 291 кісіні қосқанда, жазылып кеткендердің саны 2 миллион 616 мың 139 кісіге жетті.



Ұқсас жаңалықтар