Ердоған мен Меркель видео арқылы кездесті

Ердоған сәуірде туризмнің кедергісіз және сенімді түрде басталатынын айтты.

1596054
Ердоған мен Меркель видео арқылы кездесті

Президент Режеп Тайып Ердоған Германия премьер-министрі Ангела Меркельмен видео конференция арқылы кездесті.

Президенттік аппараттың Коммуникация басқармасынан жасалған мәлімдемеде екі лидер Түркия мен Германия қарым-қатынастары және аймақтық тақырыптарды қолға алды.

Президент Ердоған кездесуде Германия премьер-министрі Ангела Меркельмен кездесу мен диалогты жалғастырудың маңыздылығын жеткізді.

Түркияның жаңа типті коронавирус індетімен күресі шешіммен жалғасқанын, сатылы және бақылаумен қалыпқа түсу процесін бастағандарын, вакцина егу бағдарламасы жалғасып жатқанын білдірген Ердоған болымды дамулармен сәуірде туризмнің кедергісіз және сенімді түрде басталатынын айтты.

Президент Ердоған кездесуде Сирияда гуманитарлық жәрдемге мұқтаж миллиондаған сириялықты қорғаған және жәрдем еткен жалғыз елдің Түркия екенін, ерікті түрде еліне қайтқандар жөнінде Еуропа Одағының қаржылай және техникалық қолдау беруі керектігін атап айтты.

18 наурыз келісімінің жаңалануына тоқталған Ердоған Түркияның Жерорта теңізінің шығысы мен Эгей тақырыбында да жасампаз тұғырын жалғастырғанын тілге тиек етті.

Ердоған Ливияда жаңа үкіметтің сенім дауысын алып, міндетке дереу бастауының маңызына тоқталды. 

Кездесуге Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу, Әділет және даму партиясының мәлімдемешісі Өмер Челик, Коммуникация басқармасының төрағасы Фахреттин Алтун және Президенттік сарайдың мәлімдемешісі Ибрахим Калын да қатысты.      



Ұқсас жаңалықтар