Түркия Араб Лигасының шешімдеріне қарсы шықты

Осы тақырыпта ТР Сыртқы істер министрлігі хабарлама жариялады.

1595640
Түркия Араб Лигасының шешімдеріне қарсы шықты

Түркия Араб Лигасы Сыртқы істер министрлері кеңесі жиналысында Түркияға бағытталып қабылданған шешімдерге қарсы шығатынын білдірді.  Осы тақырыпта ТР Сыртқы істер министрлігі хабарлама жариялады. Хабарламада «Араб Лигасы Сыртқы істер министрлері кеңесінің 3 наурыз күнгі жиналысында елімізге байланысты қабылданған шешімдерінің барлығына қарсымыз» деп айтылды. Хабарламада сонымен бірге «Кейбір Араб Лигасы елдері өздерінің қиратушы істерін жасыру мақсатымен елімізге бұрыннан келе жатқан жалаларын жабуда, дос және бауырлас араб халықтарының бұны қолдамайтынын Араб Лигасындағы елдер жақсы біледі» деген сөздер орын алды.

Жиналыста кейбір мүшелер қабылданған шешімдерге қарсы шыққан. Сыртқы істер министрлігінің хабарламасында  «Түркия принципті және табанды ұстанымымен аймағында және әлемде қауіпсіздікғ тұрақтылық пен тыныштықтың орнауы үшін ең көп жұмыстанған елдердің бірі» деп айтылды.



Ұқсас жаңалықтар