Қорғаныс министрі тікұшақ апатына байланысты мәлімдеме жасады

Апаттың себебі тексеріледі.

1595433
Қорғаныс министрі тікұшақ апатына байланысты мәлімдеме жасады

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар кеше болған тікұшақ апатына байланысты «Алғашқы мәліметтерге  және куәгерлерге қарағанда, апат кенеттен өзгерген қолайсыз ауа райы шарты себебімен болған. Апатты тексеру тобына қажетті нұсқаулар берілді.  Тексеру бүгін басталады.  Осы қайғылы оқиғаның себебі тексеруден кейін анықталады.

Бізді үлкен қайғыға батырған осы апатта шейіт болған қаһарман қарулас жолдастарымызға Алладан рақым тілеймін. Құрметті отбасылары,  жақындарына,  Түрік Қарулы күштеріне және ұлтымызға қайғырып көңіл айтамын, сабыр тілеймін,  жаралы әскерлерімізге де жедел шипа тілеймін» деді.



Ұқсас жаңалықтар