Битлистегі 11 шейіттің жаназасы шығарылды

11 әскер үшін Анкарадағы Ахмет Хамди Аксеки мешітінде ел басшыларының қатысуымен жаназа шығарылды.

1595965
Битлистегі 11 шейіттің жаназасы шығарылды
şehitler.jpg

Битлисте болған тікұшақ апатында шейіт болған 11 әскер үшін астана Анкарадағы Ахмет Хамди Аксеки мешітінде жаназа шығарылды.

Жаназа рәсіміне президент Режеп Тайып Ердоған, ТҰҰМ төрағасы Мұстафа Шентоп, президенттің орынбасары Фуат Октай, Республика Халық партиясының төрағасы Кемал Кылычтароғлу, Ұлтшыл Қозғалыс партиясының төрағасы Девлет Бахчели, Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар, Қоршаған орта және қала министрі Мұрат Курум, Бас Штаб төрағасы генерал Яшар Гүлер және армия қолбасшылары қатысты.

Президент Ердоған жаназа рәсіміндегі сөзінде:

"Армиямызға, ұлтымызға Алла сабыр берсін. Әскерлерімізге иман тілеймін, олар біз үшін сапарға шықты. Алла бізге де олардың мәртебесін нәсіп етсін. Дін үшін, отан үшін шейіттік мәртебесіне жету әркімге нәсіп болмайды. Алла бізге де осы орайды беруін тілеймін" деді.

Ұлттық Қорғаныс министрі Битлистен Татванға бара жатқан Құрлық күштеріне қарасты әскери тікұшақтың байланыс үзіліп, аймақтағы іздеу-құтқару барысында тікұшақтың құлағаны анықталғанын хабарлаған болатын. 

Тікұшақ апатында 11 әскер шейіт болды. 4 қызметкер де жараланды.

Битлистің Татван ауданына қарасты Чекмеже ауылында  тікұшақтың құлауы салдарынан шейіт болған әскерлердің мәйіті мен жаралы әскерлер оқиға болған жерден жедел жәрдем көлігімен Битлис-Татван ауруханасына жеткізілген.



Ұқсас жаңалықтар