Октай Залкалианиді қабылдады

Фуат Октай Грузияда құрылған жаңа үкіметті құттықтады, Грузия премьер-министрі Ираки Гарибашвилиді Түркияға шақырды.

1594605
Октай Залкалианиді қабылдады

Президенттің орынбасары Фуат Октай Түркияға сапарлай келген Грузия Сыртқы істер министрі Давид Залкалианиді қабылдады.

Октайдың офисінде баспасөзге жабық өткен қабылдауға Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу да қатысты.

Фуат Октай Грузияда құрылған жаңа үкіметті құттықтады, қонақ Сыртқы істер министрі Давид Залкалианидің жаңа міндетінде табыс тіледі. Грузия премьер-министрі Ираки Гарибашвилиді Түркияға шақырды.

Кездесуде Түркия мен Грузия арасындағы ынтымақтастық пен аймақтық байланыстарды дамыту қолға алынды.

Темір жібек жолы аталған Азия-Еуропа құрлықтар арасындағы темір жол дәлізі жобасы аймақ үшін пайдалы екені білдірілген кездесуде  жобаны дамыту тақырыбында келісімге келінді.   



Ұқсас жаңалықтар