Ердоған ұйымшылдық пен ынтымақтастыққа шақырды

Ердоған 17 жылдан бері атқарылмаған Экономикалық Ынтымақтастық ұйымы Сауда келісімін қысқа уақытта іске қосудың пайдалы болатынын білдірді.

1595220
Ердоған ұйымшылдық пен ынтымақтастыққа шақырды

Президент Режеп Тайып Ердоған жаңа типті коронавирус (Сovid-19) індеті жаһандық апатына қарсы күресте мықты ұйымшылдық, аймақтық және халықаралық ынтымақтастықпен ғана жеңіске жететінімізді баяндады.

Президент Ердоған тікелей эфирмен қатысқан Экономикалық Ынтымақтастық ұйымының 14-ші саммитінде сөз алды.

Ердоған сөзінде:

"Жаңа типті коронавирус (Сovid-19) індеті жаһандық апатына қарсы күресте мықты ұйымшылдық, аймақтық және халықаралық ынтымақтастықпен ғана жеңіске жетеміз. Сақтық шараларының айқын, үйлесімді және уақытша болу ерекшелігі ортақ саудамыз үшін лайықты" деп көрсетті.

Ердоған 17 жылдан бері атқарылмаған Экономикалық Ынтымақтастық ұйымы Сауда келісімін қысқа уақытта іске қосудың пайдалы болатынын білдірді. 

"Қытайдың "Бір белдеу, бір жол" талпынысын маңызды деп қараймын. "Табыс, табыс" негізіндегі осы талпынысты қолдайтынымды жеткіземін" деген Ердоған:

"2025 жылы үшін белгіленген мақсаттар құжатындағы жобаларды атқаруда қолдану мақсатымен арнайы қор құрылуын қолдаймын. Бұдан былайғы басты ісіміз Қарабахта қауіпсіздік пен тұрақтылықтың орнауына көмектесу. Арменияның 30 жылдық жаулап алуынан туындаған күйретуді бірге жөнге салуымыз керек. Иранға атқарылған тек тарапты санкциялардың аяқталуына, аймағымыздың экономикалық байлық пен тұрақтылығына есе қосамыз" деді.

Президент барлық мүшелерді Солтүстік Кипр Түрік Республикасымен қарым-қатынастарын барлық салада дамытуға, бастарына келген әділесіздіктен құтылуына жәрдемші болуға шақырды.   



Ұқсас жаңалықтар