Адам құқықтары іс-қимыл жоспары жарияланды

Адам құқықтары іс-қимыл жоспарының екі жылда жүзеге асырылу мақсатымен дайындалғанын білдірді.

1593615
Адам құқықтары іс-қимыл жоспары жарияланды

Президент Режеп Тайып Ердоған Адам құқықтары іс-қимыл жоспарының дайындығында ұлттық мұқтаждықтары мен талаптарының айқындаушы болғанын білдірді.

Президент Адам құқықтары іс-қимыл жоспарын таныстыру жиналысында сөз сөйледі.  Ол Адам құқықтары іс-қимыл жоспарының екі жылда жүзеге асырылу мақсатымен дайындалғанын білдірді. «Мақсаты еркін азамат, мықты қоғам, демократиялық Түркия ретінде айқындалған жоспар 11 принциптен басталады» деді ол.

Ердоған осы принциптердің алғашқы үшін былай тізіп айтты:

  1. Адам туғаннан өзіне берілген бас тартылмас құқықтарымен өмір сүреді. Мемлекеттің негізгі мақсат пен міндеті – осы құқықтарды қорғау және жетілдіру.
  2. Адамның абыройы барлық құқықтардың өзегі ретінде құқықтың ықпалды қорғауы астында.
  3. Тіл, нәсіл,  түс, жыныс, саяси пікір,  фәлсапалық наным, дін, секта және басқа себептермен жікшілдікке ұшырамай барша құқық алдында тең.

Президент Адам құқықтары іс-қимыл жоспарының 9 мақсатын былай тізіп айтты:

  1. Одан да мықты адам құқықтарын қорғау жүйесі
  2. Сот тәуелсіздігі және адал сотталу құқығының нығайтылуы
  3. Құқықтың болжамдылық және ашықтық
  4. Сөз, ұйымдасу және дін еркіндіктерінің қорғалуы және жетілдірілуі
  5. Адам еркіндігі мен қауіпсіздігінің нығайтылуы
  6. Адамның материалдық және рухани тұтастығы мен жеке өмірінің кепілге алынуы
  7. Меншік құқығының ықпалды түрде қорғалуы
  8. Әлсіздердің қорғалуы және қоғамдық тыныштықтың нығайтылуы
  9. Адам құқықтары тақырыбында әкімшілік пен қоғамдағы сананың арттырылуы


Ұқсас жаңалықтар