Іс-қимыл жоспары ертең жарияланады

Президент Ердоған Түркияның Адам құқықтары жоспарын жариялайды.

1592821
Іс-қимыл жоспары ертең жарияланады

Әділет министрлігі тарапынан дайындалған Адам құқықтары іс-қимыл жоспары президент Ердоған тарапынан ертең жарияланады.

Жоспардың түбегейлі мақсатының «жаңа және азаматтық атазаң дайындау» екені білдірілді.

Адам құқықтары іс-қимыл жоспары жарияланатын бағдарламаға саяси партиялардың басшылары да шақырылды. Түркия уақытымен сағат 13-те басталатын бағдарлама Бештепе Ұлт Конгресс орталығында өтеді.

Бағдарламаға айырықша Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Мұстафа Шентоп, жоғары сот басшылары, Президенттік кабинет мүшелері, мұсылман емес жамағаттардың өкілдері, өкілетті елшілер мен БҰҰ, Еуропа Одағы, Еуропа кеңесі, Еуропа Адам құқықтары соты өкілдері шақырылды. Сонымен бірге үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, заңгерлер де қатысады.

Адам құқықтары іс-қимыл жоспары Түркияның негізгі саясат құжаты болады.  Жоспар заңнама және әкімшілік істері құқықтық болжамдар, ашықтық және есеп берушілік принциптері негізінде қолға алынады.

 



Ұқсас жаңалықтар