Бүгін кабинет жиналысы өтеді

Жиналыста қалыпты өмірге өту тақырыптары қаралады.

1592446
Бүгін кабинет жиналысы өтеді

Президенттік кабинет бүгін жиналады.

Президент Режеп Тайып Ердоған басшылығында Президенттік сарайда өтетін кабинет жиналысында коронавируспен күрес шеңберінде қалыпты өмірге сатылы өту тақырыбы қаралады.

Дәстүрлі білім алу әдісіне өту, мейрамхана мен кафелердің жағдайы, көшеге шығуға тыйым шектеулерінде жаңа шешімдерді президент Ердоған жариялайды.

Кабинет жиналысында сонымен бірге Түркиядағы вакциналау процесі де қолға алынады.



Ұқсас жаңалықтар