"Ауғанстанның түрік тарихында орны ерекше"

Түркия мен Ауғанстан арасындағы дипломатиялық қатынасқа -100 жыл

1592934
"Ауғанстанның түрік тарихында орны ерекше"

Президент Режеп Тайып Ердоған түрік тарихында Ауғанстанның ерекше орынға ие екенін айтты.  Ол Ауғанстанның түріктердің Азаттық соғысында қолдау беріп,  Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі үкіметін алғаш мойындаған елдердің бірі екенін атап көрсетті.

Президент Ердоған Түркия мен Ауғанстан арасында дипломатиялық қатынастар құрылғанына жүз жыл толуына орай Ауғанстан президенті Ашраф Ғаниге құттықтау жолдады. Құттықтауды Ауғанстандағы рәсім барысында Түркияның өкілетті елшісі Огузхан Ертұғрыл оқып берді.

Президент құттықтау хатында екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың құрылғанына жүз жыл болса да,  екі ұлт арасындағы бауырластық қатынастардың өте байырғы екенін айтты.

Ердоған осы қарым-қатынастарды барлық салада дамыту керектігін баса айтты. «Ауғанстанның түрік ұлтының жүрегінде әрқашан ерекше орны бар.  Бұл сүйіспеншілік империя кезінде басталды және Республика жарияланғаннан кейін де дамыды. Екі ел жақсы күнде де,  жаман күнде де бір бірінің жанында болды» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар