2 наурызда қалыпқа түсу басталады

Ердоған: "Түркия 9 миллион адамға вакцина егу арқылы әлемдегі алғашқы 5 ел арасына кірді" деді.

1593030
2 наурызда қалыпқа түсу басталады

Түркияның коронавируспен күресі жалғасуда.

Соңғы бір тәулікте 69 адам вирустан қайтыс болды.

Коронавирус індеті басталған күннен бері қайтыс болған адамдардың жалпы саны 28 мың 638 кісіге көбейді. 

Бір күнде 130 мың 506 сынама жүргізіліп, 645 жаңа науқас тіркелді.

Бір тәулікте 9 мың 891 кісіге вирус жұққаны анықталды.

Ауруханадан шыққан 5 мың 947 кісіні қосқанда, жазылып кеткендердің саны 2 миллион 578 мың  181 кісіге жетті.

Сонымен бірге президент Режеп Тайып Ердоған 2 наурыздан бастап қалыпқа түсудің басталатынын білдірді. 

Ердоған кабинет жиналысынан кейін Ковид-19 індетімен күреске байланысты мәлімдеме жариялады. 

Індеттің сақтық шаралары жасалғаннан бері бір жыл өткенін айтқан Ердоған 2 наурыздан бастап өмірдің біртіндеп қалыпқа түсетінін хабарлады.

Барлық қалалардың 4 қауіп тобына бөлінетінін, осы топтардың апта сайын бақылаудан өтетінін білдірген Ердоған сақтық шараларында жағдайға қарай 2 аптада бір жергілікті қатаңдастыру немесе жұмсарту шаралары жасалатынын жариялады.

Ердоған:

"9 миллион адамға вакцина егу арқылы жан санының 10 пайызынан көбіне жеткен Түркия әлемде алғашқы 5 ел арасына кірді" деді. 



Ұқсас жаңалықтар