Ердоған төңкерістің қабылданбайтынын айтты

Президент Ердоған журналистердің сұрақтарына жауап берді.

1591425
Ердоған төңкерістің қабылданбайтынын айтты

Президент Режеп Тайып Ердоған Армениядағы төңкеріс бастамасына байланысты «Біз төңкерістің барлық түріне қарсымыз. Төңкерісті қабылдауымыз мүмкін емес. Биліктің өзгеруі керек болса,  мұны Армения халқы жасайды» деді.

Президент Ердоған Стамбулда журналистердің сұрақтарына жауап берді. Армениядағы оқиғаларға тоқталған Ердоған: «Әскерлердің араға кіріп, төңкеріс бастамасын көтеруі қабылданатын жағдай емес» деді.

Армения премьер-министрі Никол Пашинянның да халық тарапынан алынып тасталатын жағдайға келгенін атап көрсеткен Ердоған: «Бірақ төңкеріс болса, оған көзқарасымыз басқаша» деді. «Егер билік өзгерту керек болса,  билік өзгерісін Армения халқы жасайды.  Бұл Армения халқының ісі» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар