Түркияда 24 сағатта 73 кісі қайтыс болды

Фахреттин Кожа бір жарым миллион адамға екінші доза, жалпы 8 миллион адамға вакцина егілгенін айтты.

1590891
Түркияда 24 сағатта 73 кісі қайтыс болды

Түркияның коронавируспен күресінде соңғы 24 сағатта 73 кісі қайтыс болды.

Эпидемия басталғалы бері қайтыс болған адамдар саны 28 мың 358 кісіге көбейді.

Бір күнде 126 мың 527 сынама жүргізіліп, 658 науқас анықталды.

Бір күнде 9 мың 572 адамға вирус жұққаны расталды.

Емі аяқталып, ауруханадан шыққан 6 мың 210 адамды қосқанда, сауығып кеткендер саны екі миллион 546 мың 503 кісіге жетті.

Сонымен бірге Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа:

"Жаһандық коронавирус індетінің әлеуметтік өмірге әсері мен қалыпқа түсуді басты орынға қойған бір кезеңге жеттік. Жағдайға қарай шешім жасау өте маңызды" деді.

Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа Ғылыми Кеңеспен өткізген жиналысынан кейін жасаған мәлімдемесінде:

"Вакцина жағдайында бір жарым миллион адамға екінші доза, жалпы 8 миллион адамға вакцина егілді. Вакцина егудің алғашқы сатысын аяқтап қалдық" деді.
 



Ұқсас жаңалықтар