Өмер Челик Армениядағы оқиғаларды айыптады

Өмер Челик Армениядағы төңкеріс талпынысы аймақтық тұрақсыздықты асқындыратын нәтижелер жаратады" деп көрсетті.

1590824
Өмер Челик Армениядағы оқиғаларды айыптады

Әділет және даму партиясының мәлімдемешісі Өмер Челик Твиттер желісінде жариялаған мәлімдемесінде:

"Төңкерістік әрекеттердің барлығына әрқашан қарсымыз. Аймағымызда тұрақсыздыққа итермелейтін оқиғалардың артуын қаламаймыз. Армениядағы төңкеріс талпынысы аймақтық тұрақсыздықты асқындыратын нәтижелер жаратады" деп көрсетті. 

Түркия әлемнің қай жерінде болмасын төңкеріс пен төңкеріс әрекетіне қарсы екенін, Армениядағы оқиғаларды да қатаң түрде айыптағанын жариялады.

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу ресми сапармен барған Венгрияның бас қаласы Бухарестте байланыстарын жалғастырды.

Министр Чавушоғлу Венгрия Сыртқы істер және Сауда министрі Петер Сийяртомен бас қосты.

Кездесудің артынан Сыртқы істер министрі Чавушоғлу венгр әріптесі Петер Сийяртомен ортақ мәлімдеме жасады.

Түркия мен Еуроодақтың күн тәртібіндегі көптеген тақырыпты қолға алғандарын атап көрсеткен Чавушоғлу өзара қарым-қатынастарды жетілдіретіндерін білдірді.

Чавушоғлу «Әлемнің қай жерінде болмасын төңкеріс пен төңкеріс әрекетіне қарсымыз. Армениядағы оқиғаларды да қатаң түрде айыптаймыз. Сайлаумен билікке келген үкіметті отставкаға шақыруды қабылдауға болмайды. Аймақ елдерімен де не істей алатынымызды талқылаймыз. Төңкеріс әрекеттері елдегі тұрақтылықты бұзатын қадамдар. Түркияның ұстанымы принциптік бір ұстаным, төңкеріске қарсымыз» деді.

Армения Бас штаб төрағасы Оник Гаспарьян мен жоғары лауазымды қолбасшылар премьер-министр Никол Пашинянды отставкаға шақыратын бір декларация жариялаған болатын. Пашинян болса елде төңкеріс әрекеті жасалғанын алға тартып, Бас штаб басқармасы төрағасын міндеттен босатқанын мәлімдеген еді.



Ұқсас жаңалықтар