Түркия Конгодағы шабуылды қатаң түрде айыптады

Конгода БҰҰ Дүниежүзілік Азық-түлік бағдарламасы керуеніне шабуыл жасалды.

1588802
Түркия Конгодағы шабуылды қатаң түрде айыптады

Түркия Конго Демократиялық Республикасының (КДР) шығысында Біріккен Ұлттар Ұйымы Дүниежүзілік Азық-түлік бағдарламасы керуеніне бағытталған шабуылды қатаң түрде айыптап, шабуылда қаза тапқандарға көңіл айтты.

Сыртқы істер министрлігі жасаған жазбаша мәлімдемеде КДР-ның шығысындағы Гома қаласындағы БҰҰ керуеніне жасалған шабуылда Италияның Киншасадағы елшісі Лука Аттанасио және жақын қорғаушысы мен бір жүргізушісінің қайтыс болғаны еске салынып көңіл айтылды.

Мәлімдемеде «Бұл опасыз шабуылды қатаң түрде айыптаймыз. Біз дос итальян халқы мен үкіметінің қайғысын бөлісеміз. Қаза тапқандардың отбасылары мен туыс-тамырларына шын жүректен көңіл айтамыз» делінді.

Елдің шығысындағы Гома мен Букаву қалалары арасындағы жолда кеше жергілікті уақытпен сағат 10:00-де БҰҰ Дүниежүзілік Азық-түлік бағдарламасы керуеніне қарулы террористік топ тарапынан шабуыл жасалған, оқиғада Италияның 2017 жылдан бері Конго Демократиялық Республикасында өкілетті елші ретінде міндет атқарған 43 жасар Лука Аттанасио, қауіпсіздік қызметкері Витторио Иковаджи және бір жүргізуші қаза тапқан болатын.



Ұқсас жаңалықтар