Әскерлеріміздің Сирияға жәрдемі жалғасып жатыр
Сирияның солтүстігіндегі ауылдарға азық-түлік және 6 сириялық азаматқа мүгедектер арбасы жеткізілді.
Ұлттық Қауіпсіздік министрлігі тарапынан "Бейбітшілік бұлағы" операциясы аймағы ауылдарындағы жәрдемге мұқтаж адамдарға азық-түлік пен мүгедектер арбасы көмегі берілді.
Министрліктің Твиттер желісінде жарияланған мәлімдемеде:
"Батыр әскерлеріміздің террордан тазалаған "Бейбітшілік бұлағы" операциясы аймағы ауылдарына жәрдемі етілуде. Аймақтағы ауылдарға азық-түлік жеткізілді және 6 сириялық азаматқа мүгедектер көлігі көмегі берілді" деп көрсетілді.
Түрік Қарулы Күштері 2019 жылы қазан мен қараша айларында "Бейбітшілік бұлағы" операциясы арқылы Сирияның солтүстігін террористік ұйымдар PKK/YPG мен ДАИШ-тантазалаған болатын.
Ұқсас жаңалықтар
Хакан Фидан Иран Сыртқы істер министрінің өкілімен сөйлесті
Хакан Фидан Иран Сыртқы істер министрінің өкілі Али Багери Кенимен телефон арқылы сөйлесті.
Ердоған Иран президентінің өкілі Мұхаммед Мухбирмен сөйлесті
Ердоған Иран президентінің өкілі Мұхаммед Мухбирмен телефон арқылы сөйлесті.