Мевлүт Чавушоғлу Италияға көңіл айтты

Министр Чавушоғлу Конгодағы шабуылда қаза тапқан Италияның бұл елдегі елшісі Лука Аттанасио үшін көңіл айтты.

1589276
Мевлүт Чавушоғлу Италияға көңіл айтты

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Конго Демократиялық Республикасындағы (КДР) Азық-түлік бағдарламасы керуеніне жасалған және Италияның бұл елдегі елшісі Лука Аттанасио да қайтыс болған шабуылға байланысты көңіл айту жеделхатын жариялады.

Мевлүт Чавушоғлу Твиттер аккаунтынан жариялаған хабарламасында итальяндық әріптесі Луиджи Ди Майоны да твитіне қосып көңіл айтты.

Министр Чавушоғлу шабуылға қатысты хабарламасында «Италия елші Лука Аттанасио мен итальяндық жандармериясының Конго Демократиялық Республикасындағы қорқынышты шабуылда қайтыс болуына қатты өкіндім. Дос Италия мен аза тұтқан отбасылар және итальян халқына шын жүректен көңіл айтамын» деді.

Елдің шығысындағы Гома мен Букаву қалалары арасындағы жолда кеше жергілікті уақытпен сағат 10:00-де БҰҰ Дүниежүзілік Азық-түлік бағдарламасы керуеніне қарулы террористік топ тарапынан шабуыл жасалған, оқиғада Италияның 2017 жылдан бері Конго Демократиялық Республикасында өкілетті елші ретінде міндет атқарған 43 жасар Лука Аттанасио, қауіпсіздік қызметкері Витторио Иковаджижәне бір жүргізуші қаза тапқан болатын.



Ұқсас жаңалықтар