"Ең үздік вакциналау жұмысын жүргізген ел - Түркия"

«Коронавирус жұқтырған адам санындағы азаюға байланысты алдағы уақытта жаңа қадамдар басамыз» деді ол.

1589180
"Ең үздік вакциналау жұмысын жүргізген ел - Түркия"

Президент Режеп Тайып Ердоған әлемде коронавирусқа қарсы ең үздік вакциналау жұмысын жүргізген елдің Түркия екенін айтты.

Президент Ердоған Бештепе Ұлттық конгресс және мәденмет орталығында Анкара қаласы әкімлігінің топтық ашылу салтанатына қатысты. Осындағы сөзінде коронавирус эпидемиясы кезінде оқу-ағартуда цифрланудың алға шыққанын білдірген президент: «Бір жағынан жағымсыздықтар болса да,  бір жағынан цифрлану арқылы көп жетістікке қол жеткіздік» деді.

Ол коронавируспен күреске байланысты «Қазір әлемде вакциналау жұмысын ең үздік жүргізген ел – Түркия» деді. «Коронавирус жұқтырған адам санындағы азаюға байланысты алдағы уақытта жаңа қадамдар басамыз» деді ол. Президент білім берудің дәстүрлі әдісіне өту жөнінде «Ең қысқа уақытта мұғалімдер мен оқушыларды қауыштыру үшін жұмыстанып жатырмыз» деді.

 



Ұқсас жаңалықтар