Октай Түрік кеңесі бас хатшысы Әміреевті қабылдады

Вице-президент Фуат Октай Түркітілдес елдер ынтымақтастық кеңесінің (Түркі кеңесі) Бас хатшысы Бағдат Әміреевті қабылдады.

1587482
Октай Түрік кеңесі бас хатшысы Әміреевті қабылдады

Вице-президенттің кеңсесінде өткен кездесу барысында 31 наурызда Қазақстанның Түркістан қаласында өтуі жоспарланған Түркітілдес елдердің Ынтымақтастық Кеңесінің Түркістан бейресми саммиті алдында Октайға толық ақпарат берген Әміреев 2020-2025 жылдардағы Түркі әлемі стратегиясы мен 2040 Түркі әлемінің көзқарасы туралы есептерін ұсынды.

Әміреев Түрік кеңесіне мүше елдермен Түркия арасында құрылған аралас экономикалық  комиссиялары тең төрағасы Октайға соңғы екі жылдағы синергияға ризашылығын білдіріп, кезеңнің түрік әлемінің экономикалық және саяси мағынада бірлігіне қызмет еткенін атап көрсетті.

Қабылдауға қатысқан Қазақстанның Түркиядағы елшісі Абзал Сапарбекұлы болса 15 наурыз күні ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин және Вице-президент Фуат Октайдың тең төрағалығымен өтетін Аралас экономикалық комиссия отырысы алдында онлайн өтетін жиналыстың күн тәртібі туралы ақпарат берді.



Ұқсас жаңалықтар