"Түрік әлемі ретінде бірлігімізді нығайтуымыз керек"

Ердоған Түрік әлемі Метеорология форумына үндеу хат жолдады.

1586879
"Түрік әлемі ретінде бірлігімізді нығайтуымыз керек"

Президент Режеп Тайып Ердоған «Әрі Таулы Қарабахта,  әрі коронавирус пандемиясында болған оқиғалар қорғаныстан дипломатияға, медицинадан егіншілікке, туризмнен энергияда дейін барлық салада түрік әлемінің бірлік пен ұйымшылдығын көрсетті» деді.

Ердоған вице-президент Фуат Октай және Әзербайжан премьер-министрі Али Асадовтың қатысуымен өткен Түрік әлемі Метеорология форумына үндеу хат жолдады. 

Президент Ердоған: «Түрік әлемі ретінде артта қалған кезеңде коронавирус пандемиясы себебімен кейбір достарымыздан айрылып қалдық.  Бірақ сонда да 30 жылдық оккупациядан Таулы Қарабахтың құтқарылуы қуанышын шынайы түрде сезіндік» деді.

Ол әзербайжандықтарды 44 күн жалғасқан шайқастан кейін үлкен жеңіске қол жеткізуіне байланысты тағы бір рет құттықтады. ««Әрі Таулы Қарабахта,  әрі коронавирус пандемиясында болған оқиғалар қорғаныстан дипломатияға, медицинадан егіншілікке, туризмнен энергияда дейін барлық салада түрік әлемінің бірлік пен ұйымшылдығын көрсетті. Бір тілде сөйлейтін, бір дінге сенетін, тарихы бір, мәдениеті бір 300 миллиондық үлкен отбасы екенімізді тағы бір рет көрдік. Отбасы мүшелері ретінде алдағы уақытта негізгі жауапкершілігіміз -  осы байланыстарды нығайтып,  арамыздағы ынтымақтастықты жетілдіру. Түрік әлемі Метеорология одағын құру пікірі – осы бағытта басылған маңызды қадам» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар