Террорлық ұйымда паника қалыптасты

Министр «Террористтер бұдан былай ешбір жерде өздерін сенімде сезінбейді» деді.

1586982
Террорлық ұйымда паника қалыптасты

«Пенче Картал-2» операциясының террорлық ұйым PKK-ның басшылығында үрей мен паника қалыптастырғаны мәлімденді.

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар Измир Фочадағы Екінші корвет флотилиясында бір рәсімге қатысты.

Министр 10 ақпан күні басталған және 4 күн болған операция шеңберінде Ирактың Гара аймағында террористтерге ауыр соққы енгізілгенін атап көрсетті.  «PKK террорлық ұйымының қашатын жері қалмағанын басшылары жақсы түсінді.4 басшысын қосқанда 53 террорист залалсыздандырылды. PKK-ның басшылығында паника және үрей басталғаны, ұйымның қозғалыс қабілетінің де шектелгені туралы ақпарлар келіп жатыр» деді ол.

Министр «Террористтер бұдан былай ешбір жерде өздерін сенімде сезінбейді» деді.



Ұқсас жаңалықтар