Түркияда 24 сағатта вирустан 83 кісі қайтыс болды

Эпидемия басталған күннен бері қайтыс болғандардың жалпы саны 27 мың 821 кісіге көбейді.

1586408
Түркияда 24 сағатта вирустан 83 кісі қайтыс болды

Түркияда соңғы бір тәулікте коронавирус індетінен 83 адам қайтыс болды.

Бір күнде 115 мың 406 сынама жүргізіліп, 640 жаңа науқас тіркелді. Бір тәулікте 7 мың 241 кісіге вирус жұққаны анықталды.

Ауруханадан шыққан 7 мың 217 кісіні қосқанда, жазылып кеткендердің саны 2 миллион 504 мың  50 кісіге жетті.



Ұқсас жаңалықтар