Ердоған кабинет жиналысының артынан мәлімдеме жасады

Президент Режеп Тайып Ердоған террормен күрес туралы мәлімдеді.

1585723
Ердоған кабинет жиналысының артынан мәлімдеме жасады

Президент Режеп Тайып Ердоған «Террормен күрес мәселесі барлық саяси даулардан, есептеулерден және күнделікті полемикадан аулақ ұлттық бір мәселе» деді.

Ердоған президенттік кабинет жиналысынан кейін мәлімдеме жасады. Президент Ердоған «Түркияға террордан төңкеріс әрекетіне дейін тізе бүктірудің барлық әдісін қолданғысы келгендерге қарсы ұлтымыз тәуелсіздік пен болашаққа жанын пида қылып, тарихқа таңба қалдыратын бір жауап қайтарды» деді.

Ердоған «2015 жылдың шілде айынан бері ел көлемінде және шекарадан тыс жүргізілген операцияларда 1 мың 259 кісі шейіт болды. Оның ішінде 401 сарбаз, 443 жандармерия, 299 полиция қызметкері, 116 қарауыл бар. Ел көлемінде 6 мың, шекарадан тыс 6 мың 900, барлығы 12 мың 900-ден астам террорист жойылды. Залалсыздандырылған жалпы террорист саны 17 мың 750-ге жетті» деді.

«Біздің тарихымызда бір аймақты немесе қоғамды отарлау сияқты бір ұят болған емес, болмайды» деген Ердоған «Қара жағылған түрлерімен елімізге адамгершілік, құқық, әділеттілік, бостандық және демократия туралы сабақ бергісі келетіндерге айтарым, алдымен айнаға қарап, өз шындығыңызбен бетпе-бет келіңіз» деді.

Президент «Террормен күрес мәселесі барлық саяси даулардан, есептеулерден және күнделікті полемикадан жоғары ұстауға тиісті ұлттық бір мәселе» деді.



Ұқсас жаңалықтар