Түркияға заңсыз түрде кіруге әрекет жасаған 6 шетел азаматы ұсталды

Ұлттық қорғаныс министрлігі тақырыппен байланысты мәлімдеме жасады.

1585191
Түркияға заңсыз түрде кіруге әрекет жасаған 6 шетел азаматы ұсталды

Сириядан Түркияға заңсыз түрде кіруге әрекет жасаған 6 шетел азаматы шекара күштері тарапынан ұсталды.

Ұлттық қорғаныс министрлігі (ҰҚМ) жасаған мәлімдемеде «Хатай Нарлыджада міндет атқарған шекара бүркіттері Сириядан заңсыз түрде елімізге өтуге әрекет жасаған бесеуі Ресей мен біреуі Ливия азаматы барлығы 6 адамды ұстады» делінді.

Мәлімдемеде «Тұтқындалғандардың арасында болған бір орыс әйелдің ДАИШ террор ұйымының мүшесі болғаны үшін іздеуде екендігі анықталды» делінген.



Ұқсас жаңалықтар