Түркияда вирустан бүгін 86 кісі қайтыс болды

Президент Ердоған: "Наурыз айының басында біртіндеп қалыпқа түсіру процесіне бастаймыз" деді.

1585680
Түркияда вирустан бүгін 86 кісі қайтыс болды

Түркияда соңғы бір тәулікте коронавирус індетінен 86 адам қайтыс болды.

Эпидемия басталған күннен бері қайтыс болғандардың жалпы саны 27 мың 738 кісіге көбейді.

Бір күнде 117 мың 121 сынама жүргізіліп, 649 жаңа науқас тіркелді.

Бір тәулікте 7 мың 325 кісіге вирус жұққаны анықталды.

Ауруханадан шыққан 7 мың 209 кісіні қосқанда, жазылып кеткендердің саны 2 миллион 496 мың  833 кісіге жетті.

Сонымен бірге президент Режеп Тайып Ердоған:

"Уәлаяттарымызды Министрлік тарапынан белгіленген шарттарға сай 4 топқа бөліп, наурыз айының басынан бастап  сатылы түрде қалыпта түсіру процесін бастаймыз" деді.

Ердоған Министрлер кабинеті жиналысынан кейін жасаған мәлімдемесінде:

"Тағы біраз сабыр көрсетіп, тағы біраз жанқиярлықпен осы дағдарысты қауіпті болудан шығаратын жағдайға жеттік" деп көрсетті.  



Ұқсас жаңалықтар