Президент Ердоған партиясының Трабзон құрылтайына қатысты

"Гара проблемалы аймақ. Құдайға шүкір Гара бақылауға алынды".

1584759
Президент Ердоған партиясының Трабзон құрылтайына қатысты

Президент Режеп Тайып Ердоған Ирактың солтүстігіндегі Гара аймағында сепаратистік террористік ұйым PKK-ның 13 түрік азаматын қыруы туралы «13 жазықсыз адамды қыру оқиғасында бір-екі әлсіз шыққан дыбыстан басқа Түркияның жанында ешкімді көре алмадық. Батыс, сен қайдасың?» деп сұрады.

Президент, Әділет және даму партиясының төрағасы Ердоған партиясының Трабзондағы 7-ші Қалалық құрылтайында үн қатты.

Ердоған «Маңызды жетістіктерге қол жеткізген әскери операцияларымызды  алдағы уақытта қауіптер артып отырған аймақтарға қарай кеңейтеміз» деді.

«Бұл соңғы оқиға Ирактың солтүстігі мен Сирияда PKK-ға қарсы Түркия жүргізген операциялардың шекара қауіпсіздігі және болашағымыз тұрғысынан қаншалықты маңызды екенін дәлелдеді» деген президент Ердоған «Айтып едік ғой, қайсы інге кірсе де оларды індерінде тауып, сол жерде көзін құртамыз» деді.

Ердоған «Өз қауіпсіздігі мен өркендеуі үшін әлемді отқа жағудан тартынбайтындардың сәйкессіздіктері мұндай жағдайларда одан көп өзін көрсетеді. Егер бұл басқа бір елде болғанда бүкіл әлем шулайтын 13 жазықсыз адамды қыруына бір-екі әлсіз шыққан дыбыстан басқа Түркияның жанында ешкімді көре алмадық. Батыс, сен қайдасың? Неге үнің шықпайды! Сіздің жеріңізде осындай нәрсе болған кезде айқайыңыз өшпес еді. 15 шілде күні оқиға болды, үніңіз шыққан жоқ. Қазір бұл оқиға туралы әлі үнсіз отырсыз. Дауысыңыз шықса да, шықпаса да біз міндетімізді білеміз. Біз осы террористтерге бұл елде мүмкіндік бермейміз» деді.

Президент Гараның проблемалы аймақ екенін атап, «Құдайға шүкір Гара бақылауға алынды. Біраз уақыттан бері маңызды жетістіктерге қол жеткізген әскери операцияларымыз алдағы уақытта қауіптер күшейіп отырған аймақтарға қарай кеңейеді. Біз қайтадан осындай шабуылдарды болдырмау үшін қауіпсіз аймақтарда қашанға дейін керек болса тұрамыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар