Челик пен Калыннан Герт Вилдерске наразылық

Мәлімдемеші Өмер Челик радикал оңшыл Герт Вилдерстің президент Ердоған туралы сөздеріне наразылық көрсетті.

1584604
Челик пен Калыннан Герт Вилдерске наразылық

Әділет және даму партиясы мәлімдемешісі Өмер Челик, Голландияда Түркия мен ислам дұшпаны, радикал оңшыл Бостандық партиясының төрағасы Герт Вилдерстің президент Режеп Тайып Ердоғанды нысанаға алған жағымсыз сөздеріне наразылық көрсетті.

Челик Вилдерстің президент Ердоған туралы әлеуметтік желідегі аккаунтынан жазған сөздерімен байланысты Твиттерден мәлімдеме жасады. Өмер Челик: «Президентімізге шабуыл жасаған бұл фашист егер Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде өмір сүргенде қарғыспен еске алынатын бір нацист болар еді. Ал қазір Таяу Шығыста өмір сүргенде, ДАИШ-ке мүше бір қанішер деп аталар еді» деді.

Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын болса Твиттерден жасаған хабарламасында Герт Вилдерстің бір фотосуретін бөлісіп, «ақымақ» деп жазды.



Ұқсас жаңалықтар