Түркияда 24 сағатта вирустан 91 кісі қайтыс болды

Эпидемия басталған күннен бері қайтыс болғандардың жалпы саны 27 мың 562 кісіге көбейді.

1584075
Түркияда 24 сағатта вирустан 91 кісі қайтыс болды

Түркияда соңғы бір тәулікте коронавирус індетінен 91 адам қайтыс болды.

Бір күнде 116 мың 452 сынама жүргізіліп, 660 жаңа науқас тіркелді. Бір тәулікте 7 мың 945 кісіге вирус жұққаны анықталды.

Ауруханадан шыққан 7 мың 106 кісіні қосқанда, жазылып кеткендердің саны 2 миллион 482 мың  435 кісіге жетті.



Ұқсас жаңалықтар