PKK-ға қарсы наразылықтар артты

Мемлекеттік лауазымдылар 13 түрік азаматын шәйіт еткен PKK террор ұйымына қатаң наразылықтар көрсетті.

1583772
PKK-ға қарсы наразылықтар артты

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі (ТҰҰМ) төрағасы Мұстафа Шентоп баршаны бөлшектеуші террор ұйымы PKK-ны қарғауға шақырды.

ТҰҰМ төрағасы Мұстафа Шентоп әлеуметтік медиа аккаунтынан жасаған хабарламасында Ирактың солтүстігіндегі Гара аймағында бөлшектеуші террор ұйымы PKK тарапынан 13 түрік азаматының шәйіт етілуіне қатаң наразылықтар көрсетті.

Шентоп хабарламасында «Опасыз террор ұйымы дегеніміз – PKK. атын емес есімдігін айтқан болатынбыз. Проблема болғандықтан немесе оның атын айтуға қорыққандықтан емес. PKK мен барлық жақтастарын қайтадан қарғаңыз, мың рет қарғап, айыптаңыз. Міне... » деді.

Вице-президент Фуат Октай болса жеке Твиттер аккаунтынан «PKK-ны лағынет атсын!» деп хабарламасын бөлісті.

Фуат Октай хабарламасында «Опасыз террор ұйымы PKK-ның атын айтпау бір бөлек, оның жексұрын атын атап, оның не екенін айқайлау басқа нәрсе! Қайсысы одан жаман? Сатқындар ұясының атын ашық түрде атау ма, әлде арғы жағында PKK екенін біле тұрып олармен бірге ынтымақтасу ма?» деп мәлімдеді.

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу да Ирактың Гара аймағында сепаратистік террористік ұйым PKK тарапынан 13 түрік азаматы шейіт етілген кезде батыстың үнсіздігіне наразылық көрсетті.

Мевлют Чавушоғлу жеке Twitter аккаунтында түрік және ағылшын тілдерінде бөліскен хабарламасында «Батыстың терроризммен байланысты қос стандарты және ‘менің террористім жаман, сенің террористің жақсы» деген түсінік жалғасуда» деді.

Министр Чавушоғлының хабарламасынан шамамен 5 сағат өткен соң АҚШ Сыртқы істері шейіт болған 13 түрік азаматына көңіл айту хабарламасын жариялады.



Ұқсас жаңалықтар