Қорғаныс министрі жиналыс өткізді

Жиналысқа барлық әскери қолбасшылар қатысты.

1584027
Қорғаныс министрі жиналыс өткізді

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар күш қолбасшылары, вице-министрлер және жасақ қолбасшыларының қатысуымен видео конференция ұйымдастырды.

Министрліктің хабарламасында: «Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар Бас штаб төрағасы, генерал Яшар Гүлер, күш қолбасшылары,  вице-министрлер және жасақ қолбасшыларының қатысуымен видео конференция ұйымдастырды. Министр қорғаныс және қауіпсіздік істеріне байланысты нұсқау берді» деп айтылды.

Жиналыста Катар, Сомали, Босния және Герцоговина, Косово және Ливиядағы Қорғаныс қауіпсіздік ынтымақтастығы және оқу қолдау қолбасшылығы, Әзербайжандағы түрік-орыс біріккен орталығы,  НАТО штабындағы түрік әскери делегация төрағасы,  Солтүстік Кипр Түрік Республикасындағы түрік күштерінің қолбасшысымен бірге флот қолбасшылары министр Акарға мәлімет берді.



Ұқсас жаңалықтар