Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесі Анкарада жиналды

Президенттік сарайда болып өткен жиналыстың артынан декларация жарияланды.

1573326
Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесі Анкарада жиналды

Ұлттық қауіпсіздік кеңесі (ҰҚК) Түркияның Эгей, Жерорта теңізінің шығысы және Кипрде халықаралық заңдардан туындайтын құқықтарды қорғауға табанды екенін білдірді.

Президент Режеп Тайып Ердоған басшылығында Президенттік сарайда болып өткен ҰҚК жиналысының артынан декларация жарияланды.

Жиналыста аймақтың басты тұрақсыздық себебі болған террор ұйымының Түркияның оңтүстік шекарасындағы көршілерінің топырағындағы болмысын жою аясында басылатын қадамдар да қолға алынды. Декларацияда «Проблемаға қатысы бар халықаралық актерлер өз міндеттерін орындауға шақырылды» делінді.

Эгей, Жерорта теңізінің шығысы және Кипр мәселелеріне шешім іздеу аясында Түркияның әрқашан алдымен дипломатия мен келіссөзді жақтағаны атап көрсетілген мәлімдемеде «Еліміздің халықаралық заңдардан туындайтын құқықтарын қорғауға табанды екенімізді баса айтамыз» делінді.

Декларацияда сондай-ақ Сомалиден бастап Африка мен әртүрлі географиялық аймақтардағы террор мен зорлық-зомбылық айыпталып, Түркияның бейбітшілік жолында міндеттерін орындауды жалғастыратынына назар аударылды.



Ұқсас жаңалықтар