"Түркиямен қатынастар өміршең маңызда"

Иран Сыртқы істер министрі Түркияға келді.

1573325
"Түркиямен қатынастар өміршең маңызда"

Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммед Джевад Зариф Түркия мен елі арасында қатынастар және аймақтық мәселелердегі ынтымақтастықтың өте маңызды екенін айтты.

Ресми сапармен Түркияға келген Иран Сыртқы істер министрі Зариф түрік лауазым иелерімен кездесуі қарсаңында Иран мемлекеттік арнасына мәлімдеме жасады.
Ол Түркиямен қарым-қатынастарға көңіл бөлгендерін айтып: «Қатынастарымыз әрдайым ақылдасып отыруды қажет етеді, себебі Түркиямен байланысты және аймақтық ынтымақтастық өміршең маңызда» деді.

Зариф Түркияда транзит өту және Кавказ аймағында түбегейлі бейбітшілік орнату секілді тақырыптарды талқылайтынын айтты.
«Кавказда түбегейлі бейбітшілік үшін қажетті шарттардың ынтымақтастық арқылы қалыптастырылуы маңызды» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар